Елімізде

«102» операторына тіл тигізген азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ

Оған бұл ісі үшін 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салынады

Ер адам қаладағы дәмханалардың біріне келгенде мас күйінде болған. Ол "102" арнасына қоңырау шалып, ер адам билік өкіліне тіл тигізген, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Құзырлы органның мәлімдеуінше,  тұрғынға операторды қорлағаны үшін 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салынады. Сонымен қатар,  дәл осындай мөлшерде түзеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе қырық тәулікке дейін қамауға алынады.