12 жасқа дейінгі балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға заңды түрде тыйым салу керек – Динара Зәкиева
Ол Ақмола облысында өрт салдарынан екі бала қаза тапқан қайғылы оқиғаны мысал келтірген
Балалар омбудсмені Динара Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға заңды түрде тыйым салу туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол Ақмола облысында өрт салдарынан екі бала қаза тапқан қайғылы оқиғаны мысал келтірген. Сондай-ақ, оның айтуынша, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалардың өлімімен 15 өрт оқиғасы тіркелді. Олардың көпшілігінде балалар үйде жалғыз болған.