16 шілдеде елімізде теледидар мен радиода хабар тарату уақытша тоқтатылады
Бұл туралы «Қазтелерадио» компаниясы мәлімдеді
Сәрсенбі, 16 шілде күні Қазақстан аумағында теледидар мен радионың жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Хабар тарату сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін тоқтатылады. Компанияның мәліметінше, бұл уақытта жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
«Мұндай техникалық жұмыстар әр тоқсан сайын өткізіледі. Мақсат – спутниктік, цифрлық және аналогтық желілер арқылы телерадио хабар тарату сапасын жақсарту және үздіксіз қызметті қамтамасыз ету», – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін «Қазтелерадио» Алматыда 15–18 шілде аралығында хабар таратуда шектеулер болатынын ескерткен еді. Бұл – Көктөбе телемұнарасында жоспардан тыс техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты.