Елімізде

19 наурыз ел тарихында  Жаңару күні ретінде қалады - Дархан Қыдырәлі

2019 жылдың 19 наурызы тарихи дата. Бұл күн еліміздің тарихи, саяси өміріне жаңа серпін берді. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі «24 кз» телеарнасына берген сұқбатында осылай мәлім етті, -деп  хабарлайды jambylinfo.kz.

Сол жылдан бері Президент сайлауы, Мәжіліс, Сенат сайлауы өтті. Мәжілісте партиялармен бірге мандатты үміткерлер бақ сынады. Шынында, бұл күн тұтас ұлттың тағдыры үшін қабылданған жаңа әлеуметтік-саяси өзгерістердің бастауы еді. Содан бері саяси ортада жаңашылдықтың лебі сезілді. Сындарлы сәттер, реформаларға толы болды. Халықтың тыныс-тіршілігі мен тұрмысын түзеу үшін байырқалы бастамалар қолға алынды.