2026 жылы әлеуметтік төлемдер өседі: ата-аналар мен көпбалалы отбасыларға қандай қолдау қарастырылған?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК 4 325 теңге деңгейінде белгіленеді. Осыған байланысты бала тууына, бала күтіміне және көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақылар қайта есептеледі.
Келер жылдан бастап елімізде бірқатар әлеуметтік төлемдердің көлемі ұлғаяды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) жаңа мөлшерде бекітілуі себеп болып отыр.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК 4 325 теңге деңгейінде белгіленеді. Осыған байланысты бала тууына, бала күтіміне және көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақылар қайта есептеледі.
Бала туған кезде берілетін төлемдер
Мемлекет жаңа туған сәбидің анасына оның жұмыс істеуіне немесе отбасының табыс деңгейіне қарамастан бірнеше қолдау түрін ұсынады. Егер ана міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болса, оған жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлем тағайындалады.
Сонымен қатар барлық аналарға бір реттік мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. 2026 жылы оның мөлшері келесідей болады:
бірінші, екінші немесе үшінші балаға – 38 АЕК (164 350 теңге);
төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК (272 475 теңге).
1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы
Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы төлем жүргізіледі.
Жұмыс істемейтін аналарға республикалық бюджеттен төмендегі мөлшерде жәрдемақы беріледі:
бірінші балаға – 5,76 АЕК (24 912 теңге);
екінші балаға – 6,81 АЕК (29 453 теңге);
үшінші балаға – 7,85 АЕК (33 951 теңге);
төрт және одан көп балаға – 8,90 АЕК (38 493 теңге).
Ал ресми жұмыс істейтін әйелдер үшін бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем соңғы екі жылдағы орташа айлық табысының 40 пайызы көлемінде есептеледі. Сонымен бірге бала 1,5 жасқа толғанға дейін анасының зейнетақы жарналары мемлекет тарапынан субсидияланады.
Көпбалалы отбасыларға көрсетілетін қолдау
Кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға берілетін жәрдемақы бала санына қарай белгіленеді. 2026 жылғы төлем мөлшері:
4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК (69 330 теңге);
5 балаға – 20,04 АЕК (86 673 теңге);
6 балаға – 24,05 АЕК (104 016 теңге);
7 балаға – 28,06 АЕК (121 360 теңге);
8 және одан көп балаға – әр балаға 4 АЕК (17 300 теңгеден).
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне берілетін жәрдемақы
Алты және одан да көп бала тәрбиелеген аналарға мемлекет ай сайын арнайы қаржылай қолдау көрсетеді:
«Алтын алқа» иегерлеріне – 7,4 АЕК (32 005 теңге);
«Күміс алқа» иегерлеріне – 6,4 АЕК (27 680 теңге).