2026 жылы Qazaq Digital Mektebi мен ЖИ-ге негізделген Ұлттық білім беру платформасы іске қосылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық саланы, оның ішінде білім беруді цифрландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Оқу-ағарту министрлігі Үкімет арқылы мұғалімдердің жүктемесін азайтуға, оқушылардың ЖИ сауаттылығын арттыруға және Ұлттық білім беру платформасын құруға бағытталған жасанды интеллект енгізу жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруда.
Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл мұғалімдердің күнделікті жүктемесін азайтады, өйткені ЖИ агенттері, мысалы, педагогикалық кеңестерге дайындық кезінде көмектесе алады.
Оқушылар арасында ЖИ сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінбек.
Сонымен қатар 2026 жылдың бірінші жартысында Министрлік жанындағы жұмыс тобы заңнамалық өзгерістер бойынша ұсынымдар әзірлеп, білім беру саласында жасанды интеллект қолдану бойынша пилоттық жобалардың тиімділігін бағалайды.