Елімізде

«250 миллион теңгенің алтынын өндірген». Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Олар алтынды заңсыз өндірумен айналысқан

Астанада алтынды заңсыз өндіргені үшін ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары сотталды, деп жазады Jambylinfo.kz
 
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақмола облысында алтынды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобына қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.

Көлік прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 қатысушысы құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірумен және өңдеумен, сондай-ақ, зергерлік бұйымдарды қолдан өндірумен айналысқанын дәлелдей алды.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.