Жемқорлықпен күрес - ортақ міндет
Себебі жемқорлық - кез келген қоғамның дамуын тежейтін фактор
Осы мақсатта «AULIEATA-MEDIA» серіктестігінде «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Кез келген мемлекеттің даму қарқынын баяулататын негізгі үш фактор бар десек, соның бірі – жемқорлық. «Бармақ басты, көз қыстының» кері барлық салаға шырпыдай тиіп, тірлігін тұралататыны анық. Сол үшін де сыбайлас жемқорлықпен күрес – әлемдегі барлық озық мемлекеттің негізі күн тәртібінен қалыс қалған емес. Біздің зайырлы қоғамда да аталған фактордың алдын алуға, оны тіптен болдырмауға, сондай-ақ, әр азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жаппай ағартушылыққа басымдық берілуде.
Осы ретте «AULIEATA-MEDIA» серіктестігінде «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында жиын өтті. Өңірлік медиахолдингтің Бас директоры Данияр Асқарұлының төрағалығымен өткен келелі кездесуге серіктестікке қарасты «JAMBYLINFO» ақпараттық агенттігі мен «Цифрлық контент ортылығы»-ның мамандары қатысты.
Басқосу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың механизмін жүзеге асыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл әрекеттері түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мәселелері талқыланды.