«654 алтын бұйымды ұрлаған». Елордада шетелдік азаматтар ломбарды тонап кеткен
Жалпы келтірілген шығын 45 миллион теңгеден асады
Елордада шетелдік азаматтар ломбарды тонап кеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Polisia.kz сайтының дерегінше, тергеу барысында бес адамнан тұратын топ қылмысты алдын ала мұқият жоспарлағаны анықталған.
Қазіргі уақытта олар қамауда. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.