Елімізде

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар жолға шығады

Жалпы саны 122 тіркемелі вагон қосылып, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерде, сондай-ақ, қала маңы бағыттарында қосымша тіркемелі вагондар тағайындайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жалпы саны 122 тіркемелі вагон қосылып, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді. Қосымша вагондар Астанадан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын сұранысы жоғары бағыттарға енгізіледі.

Жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат 1433 байланыс орталығы арқылы ұсынылады. Пойыз қозғалысы туралы мәліметтерді tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-таблодан көруге болады.