Елімізде

Ақмола облысында көршісі зейнеткердің атына 2 миллион теңге несие рәсімдеген

Полиция алаяқтық жасаған күдіктіні ізін суытпай ұстаған

Polisia.kz хабарлауынша, зейнеткердің пәтерін тазалауға келген ақмолалық келіншек үй иесінің атына несие рәсімдеген, деп жазады jambylinfo.kz.  

Зейнеткердің айтуынша, белгісіз біреу оның атына 2 миллион теңгеге несие рәсімдеген. Жедел іс-шаралар барысында ер адамның атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті анықталды. Несие рәсімдеген 37 жастағы әйел жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.

Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Аталған дерекке қатысты полиция қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Еркебұлан Мырзабек