Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.
Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды.