Ақтөбеде шенеунік пен депутаттар 672 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған

Бұл туралы Антикор мәлімдеді
Мұғалжар ауданының құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихат депутаттарына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, шенеуніктер халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көппәтерлі тұрғын үй түріндегі 70 пәтерлі жатақхананы сатып алу арқылы 672 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.