Елімізде

Ақтауда балаларының көзінше әйелін аяусыз сабаған ер адам қамауға алынды

The final spritzer

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған

Ақтаудағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам кішкентай балаларының көзінше әйеліне күш көрсеткен видеосы тараған еді. Қазіргі уақытта ол  ұсталып, полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz Маңғыстау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Еске салайық, 22 сәуір күні Ақтаудағы тұрғын үй кешендерінің бірінде ер адам кішкентай балаларының көзінше әйелін аяусыз соққыға жыққан видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Видеода ер адам әйелінің қолын қайырып, екінші қолымен оның аузын жауып тұрғанын байқауға болады. Жазбада келіншектің айғайлаған, балалардың жылаған дауысы естіледі.