Елімізде

Абай Бегейдің қыздары әкесін ағыл-тегіл жылатты

Олар әкесінің туған күніне сыйлық жасаған

Абай Бегейдің отбасы туған күніне орай оған үлкен қажылыққа жолдама сыйлады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұны естіген әнші ағыл-тегіл жылап, эмоциясын жасыра алмады. Айта кетейік, бес күн бұрын Абай Бегей кезекті жасын атап өткен. Оның жары, үш қызы мен бір ұлы туған күн кешіне арналған жиында Абай Бегейге тосын сый әзірлеген.

Отбасы туған күніне орай үлкен қажылыққа жолдама сыйлағанын естіген Абай Бегей бетін басып, қуаныштан қатты жылап жіберді.

Айта кетейк, Абай Бегейдің жұбайы Жанат өмірден озған еді. Олардың ортақ некесінен үш қыз бен бір ұл бар. Әнші былтыр шілде айында өзі екінші мәрте шаңырақ көтерген болатын.