Абай облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Абай облысы Полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл қызметке бұған дейін Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған полиция полковнигі Эльдар Нұрланұлы Данияров тағайындалды.
Таныстыру шарасына қатысқан Абай облысының әкімі Берік Уәли Полиция департаментінің жаңа бастығының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.