Абай облысынан Қытай шекарасына өтетін жаяу жүргіншілер жолы ашылды
Онда жолаушыларға айына 1 рет 25 келіге дейін жүк өткізуге рұқсат етіледі
Бақты кеден бекеті арқылы жаяу жүргіншілер Қытайға өте алады. Бұл екі ел арасындағы байланысты нығайтып, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасаумен қатар сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Салтанатты ашылу рәсіміне Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин, Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Асхат Ахметов қатысты. Қытай тарапынан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының лауазымды өкілдері болды.
Сондай-ақ жолаушыларға айына 1 рет 25 келіге дейін жүк өткізуге рұқсат етіледі. Тағы бір атап өтерлігі - халықаралық жолаушы тасымалдауға арнайы рұқсаты бар көлікпен ғана кіріп шыға алады.