Абай облысында 160 млн теңге көлемінде бюджет қаржысы негізсіз жұмсалмақ болған
Заң талаптарының бұзылуы жылумен жабдықтау саласында тіркелген
Абай облысында прокурорлар 160 млн теңге көлемінде бюджеттің негізсіз жұмсалуының алдын алды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құзырлы органнның дерегінше, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектілері заң талаптарын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу арқылы 3,5 млрд теңгеден астам сомаға жоғары бағамен көмір сатып алмақшы болған.