Елімізде

Абай облысында жоғалып кеткен ағайынды жасөспірімдер табылмай жатыр

Абай облысының орталығында 7 сәуір күні бір үйдің 2 баласы жоғалып кетті. Өкінішке қарай, жасөспірімдер әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Абай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алтынай Әбішева мен Абзал Әбішев 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласы "Восточный левый" кентіндегі жер үйден белгісіз бағытта шығып кеткен. Сол уақыттан бері олар мүлде хабар-ошарсыз.


Осы ретте, тәртіп сақшылары оларды көргендерден немесе қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.