Елімізде

Алатаудың Панорама шыңына көтерілген туристер құтқарылды

21-22 жас аралығындағы шетелдіктер төменге түсе алмай қалған

Алматыда екі жас турист құтқарылды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
ТЖМ дерегіне сүйенсек, Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында 21-22 жас аралығындағы екі турист Панорама тау шыңына көтерілді. Ауа-райын алдын ала көріп алмағаннан, қатты дауыл астында қалып тиісті уақытқа дейін түсе алмады.

ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары жоғалған ер азаматтарды “Панорама” құтқару лашығынан тауып, Алматы қаласына аман-есен түсірді.

Жастарға медициналық көмек қажет болмады.