Елімізде

"Сақ болыңыз": ҰҚК ел азаматтарына ескерту жасап отыр

Соңғы уақытта елімізде алаяқтық фактілері жиілеп кеткен

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазіргі уақытта алаяқтық әрекет фактілері жиілеп кеткенін мәлімдеді. Тіпті онда шабуылдаушылар күштік құрылымдардың, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшыларының атынан азаматтарға жүгініп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Алаяқтар телефон қоңырауын шалып немесе өздерінің мүддесі үшін қаржылық және басқа операцияларды жүргізу туралы өтініштері немесе талаптары бар мәтіндік хабарламалар жібереді екен. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ретте азаматтарға олардың атына қылмыстық мақсатта пайдаланылған ақшалай несие ресімделгені тәрізді,сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы қорқыту хабарлама келетінін айтады.
Кейбір мекемелерге ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттар да жіберілетін көрінеді.