Алдағы күндері ел аумағында қақаған аяз күтіледі
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мамандары мәлімдеді.
Синоптиктердің таратқан болжамына сүйенсек, таяу үш күнде Қазақстан бойынша ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
23–24 ақпанда солтүстік аймақтарда сынап бағаны -32…-37 градусқа дейін түссе, 25 ақпанда шығыс өңірлерде -40 градусқа дейін суытуы ықтимал.
Сондай-ақ, алдағы күндері республиканың көп бөлігінде қар жауып, бұрқасын жел соғады деп күтілуде. Мамандар тұрғындарды ауа райының күрт суытуына байланысты сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.