Алдағы күндері елдің басым бөлігінде жаңбыр, қар және көктайғақ күтелді
Қазақстан аумағының басым бөлігінде алдағы күндері ауа райы күрт құбылмақ.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклонның әсерінен ел өңірлерінде жауын-шашын түсіп, кей аймақтарда боран мен көктайғақ болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Метеорологиялық мәліметтерге сәйкес, көптеген облыстарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Әсіресе солтүстік, орталық және батыс өңірлерде қар жауып, бұрқасын соғуы ықтимал. Жолдарда көктайғақ қалыптасып, көлік қозғалысына қиындық тудыруы мүмкін.
4 наурыз күні елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын көлемі арта түседі. Бұл аймақтарда негізінен жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде нөсер сипатында өтуі ықтимал.
Республика бойынша желдің күшеюі де күтіледі. Кей өңірлерде жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендейді.
Сонымен қатар синоптиктер ауа температурасының біртіндеп жоғарылайтынын хабарлайды. Күндізгі уақытта жылымық байқалып, қардың еруі мүмкін.