Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы 98%-ға толды
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы 98%-ға толды. Қазіргі таңда су қоймасында 18,04 млрд текше метр су жиналған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Су қоймасының толуы Ақдала және Шеңгелді ауылдық округтеріндегі егіс алқаптарын суармалы сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қапшағай су қоймасы Балқаш көліне құятын трансшекаралық Іле өзенінің ағынын реттейді. Вегетацияаралық кезеңде су қоймасынан Балқашқа шамамен 4 млрд текше метр су жіберілген.