Алматыда 6 қабат терезесіне шығып билеген қыз қаза тапты
Оқиға бүгін, 26 маусым күні таңертең болған
26 маусым күні, Теремке тұрғын үй кешенінде терезе ернеуіне шығып билеп тұрған қыздың видеосы тарады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Таңғы уақытта 6-шы қабаттың терезесіне шығып билеп, түрлі қимыл жасаған бойжеткенге адамдар “құлап қаласың” деп ескерту жасаған. Бірақ қыз ескертуге құлақ түрмейді. Өкінішке қарай, бойжеткен терезеден құлап, мерт болғанын полиция хабарлады.
Өз-өзіне құл жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.