Елімізде

Алматыда 70 жастағы спортшы таулы марафон кезінде қайтыс болды

Бұл туралы жарыс ұйымдастырушылары – «Экстремальная атлетика» тобы Instagram парақшасында мәлімдеді.

Алматы маңында өткен Salomon Trail жарысы кезінде 70 жастағы спортшы Владимир Кривенцов көз жұмды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарысқа қатысқан Владимир Кривенцов старттан көп ұзамай есінен танып, сол жерде жан тапсырған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқиға орнына бірнеше минутта жеткен төтенше жағдайлар қызметі алғашқы көмек көрсетіп, спортшыны “Медеу” кешеніндегі құтқару бөліміне жеткізген. Алайда дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Владимир Кривенцов – тәжірибелі, белсенді спортшы болған. Ол көптеген марафон мен жарыстарға қатысып жүрген, әрі сайыс алдында медициналық тексеруден өтіп, ешқандай қарсы көрсетілім анықталмаған.