Елімізде

Алматыда полициядан қашқан жүргізуші аялдамадағы адамдарды ажал құштырды

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Іле ауданында полиция қызметкерлерінен қашқан жүргізуші қатты жылдамдықпен аялдамаға кіріп кеткен. Салдарынан екі адам қаза болып, үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

«Адырна» ұлттық порталының мәліметінше, қайғылы оқиға 12 мамырға қараған түні болды.

Медициналық куәландыру қорытындысына бойынша жүргізуші көлікті орташа дәрежедегі мас күйінде басқарғаны анықталған. Қазір жүргізушінің үстінен екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.