Алматыда тағы да жер сілкінді
6 наурыз күні болған жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында болған
Бүгін, 2024 жылдың 6 наурызында Алматы қаласында тағы да жер сілкінді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Бұл жолғы жер дүмпуінің күші Алматы қаласында екі балға жеткен.
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялык зерттеу институты» хабарлағандай, жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында болған.
"2024 жылғы 6 наурызда Алматы уақытымен 05 сағат 09 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 км жерде) орналасқан. Жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл болып сезілді", - деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 4 наурыз күні Алматы қаласында жер сілкініп, қаладағы кейбір ғимараттардың қабырлағалары шытынап кеткен.