Алматыда тағы жер дүмпуі сезілді
Бүгін Алматы қаласында екі баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, сағат 16:36-да ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «ННЦНИ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Оның ошағы Қытай мен Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 335 шақырым жерде орналасқан.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.