Елімізде

Алматыда тауда жоғалған жасөспірімдер дін-аман табылды

Бірақ жарақат алғандары бар

Алматы облысында 11 жасөспірім тауға шығып, адасып қалған. Төтенше жағдайлар министрлігі таңертең жастардың қар мен жаңбырға қарамастан тауға шыққанын айтты, деп хабарлайды  jambylinfo.kz

Мәліметке сәйкес, олар Турист шыңын бағындырғысы келген.

Алдымен құтқарушылар көтеріліп, топтың бес мүшесін тапқан. Бір жігіт үстіне тас құлап жарақаттанған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, барлығы төменге түсірілді.

Медицина мамандарына тапсырылғаннан кейін құтқарушылар қалған алты жасөспірімді тапты.