Алматыдағы арналардың бірінен өлі адамның денесі табылды
Бұл туралы куәгерлер хабар берген
Алматы облысында арналардың бірінің бойынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz .
ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы қалада 20-35 жас шамасындағы әйел адам ағысы күшті суару каналына секірді деп болжам жасап отыр. Жасақ мәліметінше, ол суицид жасаған.