Елімізде

Алматыда жүргізуші әйелді ұрған жігіт 8 жылға сотталды

Оның ісі Жоғарғы соттың тікелей эфирінде қаралған болатын

2023 жылдың 22 желтоқсанында Алматыдағы №47 автобустың жүргізушісі Ермек Шөкебаевамен жанжалдасып, оны ұрып жіберген жігіт 8 жылға сотталды. Айта кетейкі, соққының кесірінен жүргізуші есінен танып, жол бойында тұрған адамдарды қағып кеткен еді, деп жазады jambylinfo.kz.

Апатта үш адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жараналған болатын. Бүгін судья Тәкен Шәкіров іске нүкте қойды.

 «Дархан Ахметжанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы бірінші бөлігі бойынша 1 жылға, 351 бабы 3 бөлігі бойынша 8 жылға сотталсын. Қылмыстық кодекстің 58 бабы 2 бөлігіне сәйкес, Дархан Ахметжановқа түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілді. Жәбірленуші Құсайынова мен Байдуәлиевтің талап арыздары ішінара қанағаттандырылсын. Дархан Ахметжановтан жәбірленуші Айнұр Құсайынованың пайдасына 6 397 250 теңге материалдық шығын, 5 000 000 моральдық шығын, 250 000 қорғалуы үшін кеткен шығын өндірілсін. Дархан Ахметжановтан жәбірленуші Ерасыл Байдуәлиевтің пайдасына 10 000 000 теңге моральдық шығын, 200 000 қорғауға кеткен шығын өндірілсін. Ахметжановтан мемлекеттік баж салығы ретінде 72 422 теңге мемлекет пайдасына өндірілсін. Үкім заңды күшіне енген соң Ахметжановқа ерікті түрде осы соманы төлеу үшін екі ай мерзім берілсін. Осы мерзім ішінде үкім шарты орындалмаған жағдайда мәжбүрлі түрде орындауға жолдансын, – деді сот үкімін оқыған судья Тәкен Шәкіров.