Алматының Спорт басқармасы жұмыс істемеген адамдарға 56 млн теңге жалақы төлеген
Бұл туралы Антикор хабарлады
Алматы қаласы Спорт басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымының қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны есептеу және төлеу арқылы 56 млн теңгеден астам ақша жымқыру бойынша күдікке ілінді.