Антициклон жақындап келеді: еліміздің кейбір өңірлерінде ауа температурасы 15 градусқа дейін төмендейді
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстан аумағына белсенді циклон жылжып келеді. Ол өзімен бірге жауын-шашын, найзағай және бұршағын ала келмек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Циклонның әсерінен Қазақстанда ыстық жазғы күндер жаңбырлы, найзағайлы ауа райымен ауысты. Тіпті елдің оңтүстігінде де ыстықтың бәсеңдеуі байқалады. Алдағы күндері циклон жылдамдығы баяу болғандықтан, еліміздің басым бөлігіне әсерін сақтап қалады – жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. 2 тамыздан бастап циклонның артынан солтүстіктен антициклон жылжып келе бастайды. Ол жауын-шашынның тоқтауына және солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасының 15–20 градусқа дейін төмендеуіне себеп болады", - делінген "Қазгидромет" мамандарының хабарламасында.