Қар, боран: "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге ескерту жасады
2026 жылғы 2 наурызда еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыздығы күтілуде.
ҚазАвтоЖол мәліметінше, республикалық маңызы бар автожолдардың кей учаскелерінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Атап айтқанда, Ақмола облысы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы, Жетісу облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы және Қостанай облысы аумақтарының кей жерлерінде қар мен боран күтіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.