Қарағандылық журналистке іздеу жарияланды
Ол 3 күннен бері іс-түссіз жоғалып кеткен
Қарағандыда спорт журналисі Максим Объедковке іздеу жарияланды, деп хабарлайды jambylinfo. kz.
Жергілікті "Вечерняя Караганда" газетінің телеграмм-арнасы хабарлағандай, журналист 17 маусым күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған.
"Қазір із-түссіз жоғалған журналисті іздеу жұмыстары жүріп жатыр.Максим Объедковтің бойы — 189 см, арықша келген. Максим сол күні джинсы шалбар, көк спорттық аяқ киім, басына қара қалпақ киіп шығып кеткен" - деп жазылған телеграмм- арнада.
«Вечерняя Караганда» басылымы оны көргендер болса, мына ұялы телефонға хабарласуды сұрайды: +7 (778) 872-05-13, +7 (708) 352-64-60, +7 (705) 326-86-98 немесе 102.