Қарақат Әбілдина туған күнін Германияда орманда тойлады
Қазақтың жезтаңдай әншісі Қарақат Әбілдина кеше 44 жасқа толды. Әнші туған күнін Германияның Франкфурт қаласында отбасылық достарымен атап өткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өнер иесі туған күнін ерекше тойлаған.
Әнші "Instagram" парақшасында жазғандай, туған күнді жолдасы Қыдырәлі Болмановтың достарымен бірге орманда өткізген.
Сондай-ақ, Қарақат Әбілдина туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірген барлық жанға алғысын білдірді.