Елімізде

Қарасай ауданында оқушы қыз мектепте жүріп, белгісіз жағдайда көз жұмды

Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенімен, қыздың өмірін сақтай алмаған

Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 4-сынып оқушысы сабақ үстінде есінен танып, жедел-жәрдем көлігінде қайтыс болды. Қайғылы оқиғаны облыстық білім басқармасы растады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 сәуірде Қарасай ауданындағы Қ.Қошмамбет атындағы орта мектепте 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы сабақ үстінде өзін нашар сезініп, денсаулығына шағымданған.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.