Елімізде

Арнайы су пайдалануға рұқсат алу толықтай цифрлық форматқа көшірілді

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жаңа жылдан бастап азаматтар арнайы су пайдалануға рұқсатты Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СРҰАЖ) арқылы ала алады. Жаңа Су кодексіне сәйкес бұл мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру осы қызметті көрсетудің бүкіл циклін цифрлық форматқа толығымен көшіруге мүмкіндік берді.

Былтыр су пайдалануға қатысты есепті тапсыру да цифрлық форматқа ауыстырылған болатын. Сонымен қатар СРҰАЖ 11 мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграцияланды.

Еске сала кетсек, Су ресурстары және ирригация министрлігі жерүсті және жерасты суы туралы барлық мәлімет жинақталатын Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірледі. СРҰАЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2026 жылдың екінші жартысына жоспарланған.