Қасақана өлтірген жоқпын, бірақ өліміне қатысым барын мойындаймын – Бишімбаев
Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің соты Жоғарғы соттың YouTube арнасындағы тікелей эфирде өтіп жатыр. Сотта ол Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы барын мойындағанымен, бірақ марқұмды аса қатыгездікпен өлтірмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Қуандық Бишімбаев сотта қасақана әрі қатігездікпен кісі өлтіру бабы айыпты мойындамайтынын, алайда оның өліміне қатысы бар екенін мойындайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ ол Салтанат Нүкенованың туған-туыстарынан кешірім сұрады.
Сонымен қатар Бишімбаев Жаратушының алдында ғана жауап беретінін, әйелін қасақана өлтірмегенін, алайда оның өліміне қатысы бар екенін мойындайтынын айтты.
Бишімбаевтің соты Жоғарғы соттың YouTube арнасындағы тікелей эфирде түскі сағат 14:30-да жалғасады.