Елімізде

Көрермендер Аша Матайдың жоғалып кеткеніне алаңдайды

Белгілі әнші, актриса, Аша Матай біраз уақыттан бері әлеуметтік желіде төбе көрсетпей жүр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Instagram әлеуметтік парақшасында Аша Матайдың 4,5 миллион оқырманы бар. Бүгінде өнер иесінің оқырмандары оған іздеу салып жатыр. 

Айта кетейік, Аша Матай мен оның жолдасы, әнші Арман Қоңырбаев наурыз айында асқар тау әкесінен айырылып, әулеті қара жамылғанын жазған еді. 

Қос жұлдыздың оқырмандары оларға көңіл айтып жұбатқан. 

"Міне, содан бері 2  айдан астам уақыт өтсе де, өнер иелері оқырмандарымен қауышуға асығатын емес", - жазды оқырмандар.