«Астана – Көкшетау» тасжолында жаңа қардан қорғау жүйесі сынақтан өтуде
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Астана - Көкшетау» тасжолының қар жиі жиналатын учаскелерінің бірінде қар үйінділерінің алдын алуға арналған жаңа жүйе енгізіле бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жобаны ғылыми-техникалық сүйемелдеуді «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ) мамандары жүзеге асыруда.
Тестілеу республикалық маңызы бар KAZ 02 «Астана - Көкшетау (айналма жолымен) - Петропавл - Ресей Федерациясының шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)» автожолының 32-шақырымындағы учаскесінде өткізілуде. Бұл аумақ Ақмола облысы Целиноград ауданының Бозайғыр ауылы маңында орналасқан.
Көпжылдық метеорологиялық бақылаулардың талдауы көрсеткендей, дәл осы учаске аталған бағыттағы қар ең көп жиналатын орындардың бірі болып саналады. Ашық дала аймағы мен қатты бүйір желдері қыс мезгілінде қар массасының белсенді түрде көшіп, жолда қар үйінділерінің пайда болуына себеп болуда.
Беріктік көрсеткіштері бойынша бұл конструкция дәстүрлі темірбетоннан жасалынған қардан қорғау қоршауларымен бірдей әсер береді. Алайда оның салмағы айтарлықтай жеңіл. Соның арқасында монтаждау жұмыстары ауыр техниканы тартпай-ақ және массивті бетон іргетасын салмай жүзеге асырылады. Бұл орнату шығындарын азайтып, жұмыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, композиттік жүйенің тағы бір маңызды артықшылығы, ол қызмет ету мерзімінің ұзақтығы. Темірбетон конструкцияларына қарағанда, мұндай жүйелер тұрақты жөндеу мен қызмет көрсетуді қажет етпейді.