Елімізде

Астанадағы медициналық ұйымның бірінен 350 ампула морфин тәркіленген

“Дәрмек” операциясының аясында Астанадағы медициналық ұйымдардың бірін тексеру кезінде 350 ампула морфин тәркіленген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Polisia.kz сайты хабарлағандай, Ішкі істер министрлігінің республика бойынша өткізген операциясы кезінде 900-ге жуық кәсіпорын мен мекеме тексерілген.

Заң бойынша мұндай құқық бұзған тұлғаларға 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.