Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.
Мемлекет басшысы кесене аумағында жерленген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен басқа да әйгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті.