Елімізде

Қатонқарағайдан – Өскеменге: "Қазавиаспас" тікұшағы шұғыл көмек көрсетті

The final spritzer

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиаспас» тікұшағы шұғыл медициналық эвакуация тапсырмасын сәтті орындады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2015 жылы туған қыз бала Қатонқарағай ауданынан Өскемендегі ауруханаға жеткізілді.

Пилоттар мен санитарлық авиация дәрігерлері үйлесімді жұмыс істеп, науқас баланы дер кезінде жеткізуге мүмкіндік жасады. Қыз бала аман-есен медициналық мекемеге табысталды.

ТЖМ хабарламасында тікұшақтардың елді мекендер арасындағы алыс қашықтық жағдайында жедел медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын екені атап өтілген.