«Қатыгездіктің де шегі болуы керек». Шымкентте асыранды балаларға зәр ішкізіп, нәжіс берген
Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
Динара Закиеваның сөзінше, Шымкент қаласында балаларды асырап алған ата-ана оларға зәр мен нәжіс берген. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданып, мектеп педагогтері мен қорғаншылық органы қызметкерлерінің үстінен іс қозғалған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл аталмыш қылмыс бойынша ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Балалар құқықықтары жөніндегі уәкілімен бірлесе жұмыс істеп жатқанын алға тартқан.
Сондай-ақ Динара Зәкиеваның айтуынша, кейінгі бірнеше айда бала асырап алған отбасылардың тарапынан азаптау деректері тіркеліп жатыр.
Сонымен қатар ол Шымкент қаласындағы 485 мың балаға 5 қамқоршылық қызметкері, яғни бір қызметкерге 90 мың бала келетінін, Қамқоршылық қызметкерлеріне көлік берілмейтінін және олардың жалақысы төмен екенін атап өткен.
Оның сөзінше бұл мәселе үкіметте әлі де талқыланып жатыр.