Ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысы шектелді
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлімдеді
Павлодар, Қарағанды және Абай облыстарында ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
12 қаңтар сағат 15:30–да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
Павлодар облысы:
— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті ауылы);
— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы — Қарағанды облысының шекарасы);
— «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200-431 шақырымы аралығы (Ақмола облысы шекарасы — Атамекен ауылы).
Қарағанды облысы:
— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы — Павлодар облысының шекарасы);
— «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Ботақара ауылы).
Ақмола облысы:
— «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы).
Жолды 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 20:00–де ашу жоспарланған.
12 қаңтар сағат 15:30–да келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылды:
Павлодар облысы:
— «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 427-587 шақырым аралығы (Кенжекөл ауылы — Абай облысы шекарасы).
Абай облысы:
— «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 587-733 шақырым аралығы (Павлодар облысы шекарасы — Семей қаласы).
Жолды 2026 жылғы 12 қаңтар сағат 20:00–де ашу жоспарланған.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.