Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі шенеуніктер сотталды
Олар кәсіпкерлерден пара алған
Ауыл шаруашылығы министрілігінің балық шаруашылығы комитетінің басшылары жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Антикор мәлімдегендей, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т.Жүнісов және оның қарамағындағылар сотталды. Бас бостандығынан айырылған сыбайластардың бірі балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы екені белгілі болды. Сот үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.