Аяз, қар, көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлім етті.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын болжанады.
Ауа температурасы біртіндеп жылынады.
Батыс өңірлерде түнгі температура -15–25° аяздан -2–12° аязға дейін, ал күндіз -5–15° аяздан -5° аяз бен +5° жылуға дейін жылынады. Солтүстік пен солтүстік-батыста түнде -20–31° аяздан -15–25° аязға, күндіз -15–22° аяздан -5–13° аязға дейін өзгереді. Орталық аймақтарда түнгі температура -20–31° аяздан -12–23° аязға дейін, күндіз -10–20° аяздан -1–12° аязға дейін көтеріледі. Ал республиканың шығыс бөлігінде ауа температурасы түнде -13–23° аяздан -25–33° аязға дейін төмендейді.