Аймағамбетов: «Бюджетті қарағанда сіздер нақты не істедіңіздер?»
Бұл туралы халық қалаулысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов биылғы республикалық бюджетті қарау кезінде енгізілген негізгі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның сөзінше, құжатта азаматтардың өміріне тікелей әсер ететін әлеуметтік бағыттарға қосымша қаражат бөлінген.
Денсаулық сақтау
Бұл салаға қосымша 37 млрд теңге қарастырылды.
20 млрд теңге – онкологиялық ауруларды емдеуге,
5 млрд теңге – онкогематологиялық сырқаттарға,
8 млрд теңге – гемодиализ қызметін қолдауға,
4 млрд теңге – паллиативтік көмек көрсетуге бағытталмақ.
Аймағамбетов бұл қаражаттардың артында “адам тағдыры мен өмірі тұр” екенін атап өтті.
Білім беру
Білім саласына 402 млн теңге қайта бөлініп, қаражат:
халықаралық олимпиадаларға дайындыққа,
мектептегі робототехника мен ғылыми жобаларға,
дебат қозғалысын дамытуға жұмсалмақ.
Мәдениет және контент
300 млн теңге – қазақ тіліндегі анимациялық мультфильмдер өндірісіне бөлінді.
Сондай-ақ, “XXI ғасыр көшбасшысы”, “Азамат” сынды тележобалар эфирге қайта оралады.
“Жайдарман” мен “Астана Опера” театры ұжымына да қаржылай қолдау көрсетілді.
Ғылым және су қауіпсіздігі
География және су қауіпсіздігі институтының инфрақұрылымын жаңартуға 189 млн теңге бөлінді.
Аймағамбетовтың айтуынша, алдағы уақытта 2026 жылға арналған бюджетке қатысты түзетулер жөнінде де бөлек ақпарат беріледі.